Дарынды шәкірттеріміз дән риза етті

Алматы қаласында «Күншуақ.Kz» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Күншуақ» халықаралық фестиваль-байқауы болып өтті.

Мақсат - өнерпаз балалар ұжымдарын дамытуға үлес қосу, оқушылардың рухын көтеріп, шығармашыл жеке тұлға ретінде қалыптастыру, еліне деген махаббатын сахна төріндегі өнері арқылы насихаттау болатын. Сайысқа біздің мектебімізден де оқушылар қатысқан еді. Әр оқушыға ұзақтығы 4 минуттан аспайтын 1 шығармадан ойнау міндеттелген. Нәтижесінде Құрманғазы атамыздың «Адай» күйін төгілткен Заян Айдос І дәрежелі диплом және кубогін (ұстазы Жанпейіс Мұхиденов), ал сырнай аспабы бойынша Бубенцованың өңдеуіндегі орыс халық әні «Яблочконы» нақышына келтіре орындаған Ізбасқан Болат І дәрежелі диплом мен кубок иеленді (ұстазы Айнұр Тұқпатова).

Мектебіміздің мерейін асырған дарынды оқушыларымыздың жетістігіне біз де қуандық. 40 жылдан аса тәжірибесі бар аға оқытушы Жанпейіс Мұхиденов пен өнер жолында ізденісте жүрген жас маман Айнұр Тұқпатова сынды әріптестерімізге шәкірт тәрбиелеуде сәттіліктер тілейміз.

Гүлнафис Манапқызы,

Новобогат балалар саз мектебінің қобыз пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521