Дәстүр жаңғырған дүбірлі той

Зинеден ауылында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз тойым – мереке, салт-дәстүрім – береке» атты Наурыз мерекесі аталып өтті.

Оған ауылдағы барлық мекемелер атсалысып, түрлі ұлттық ойындар, спорттық және концерттік шаралар өткізді. Мерекеге келушілер бауырсақ пен наурыз көжеден дәм тәтті.

a

Ауыл әкімі Ерлан Мақсотов ауыл тұрғындарын Барыс жылымен құттықтап, барша ауылдастарға құт-береке тіледі.

0

Ақ жаулықты аналар мен аталар жас келіндерге батасын берсе, мектеп оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері Наурыз туралы тақпақтар айтып, өнерпаздар күмбірлете күй тартып, тамылжыта ән салды. Мекемелер сахналық көріністер қойып, спорттық ойындар өткізді.

Түс мезгілінде қонақтар мен еңбек ардагерлеріне ас беріліп, дастарқан жайылды.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT