Ер бабаның ескерткіші алдында ел ықыласы көрініс тапты

Биыл батырлық пен ерліктің символы болған Исатай Тайманұлының туғанына – 230 жыл.

Маңызы зор, мәні ерекше тарихи сәт батыр есімін иеленген Исатай ауданында кең көлемде аталып өтілуде. Батыр мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелі күнге Атырау қаласы және көршілес Ақтөбе облысынан арнайы делегация келді. Делегация құрамында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Амангелді Шамғонов, Аққали Ахмет, Лесқали Бердіғожин, Ақтөбе облысы, Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов, Қобда аудандық «Қобда» газетінің бас редакторы Талғат Қазиев, ақтөбелік ардагер, исатайтанушы Жауғашты Жұмағалиев және батыр ұрпақтары бар.

i

Мерекелік шарада меймандар алдымен аудан әкімдігі ғимараты алдында орналасқан ұлт-азаттық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшы, халық батыры Исатай Тайманұлының рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Оған делегация құрамынан бөлек аудан әкімі Полымбет Хасанов, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудан ардагерлері, зиялы өкілдер, дербес бөлім басшылары, округ әкімдері, құқық қорғау қызметкерлері және «ЖайықМұнайГаз» мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкерлері қатысты.

i

i

Тас тұғырымен қоса есептегенде 12 метрді құрайтын ескерткіште батыр бабаның атқа қонып, қол бастаған айбатты мүсіні бейнеленген. Тағзым ету рәсімінде құттықтау сөз кезегі аудан әкімі Полымбет Хасановқа жолданды.

i

- Қазақ халқының тарихында есімдері ойып тұрып орын алатын, азаттық үшін алысқан батырлар аз болмаған. «Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алған» сол есіл ерлердің бірі - Исатай Тайманұлы. Ол ХІХ ғасырдың бірінші жартысында-ақ егемендікті аңсаған қазақ батырн, 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің көсемі болды. Міне, Ағатай батырдың ұрпағы Исатай Тайманұлының туғанына биыл 230 жыл толып отыр. Исатай батырдың рухына тағзым ету, оның есімін ұлықтау – әрқайсымыздың парызымыз, біздің міндетіміз. Батырдың өмірі, оның ерлігі – туған жерге, туған елге деген адалдықтың, жауапкершіліктің, Отанға деген сүйіспенішіліктің символы.  - деген аудан әкімі батырдың мерейтойына аудан көлемінде өткізілетін іс-шараларды тізбектеп, ерлікке тағзым етіп отырған жерлестерінің ісін елдікке балады. 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT