Гүлмайдан Жанбайда ән шырқады

Жанбай ауылында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», Исатай ауданының Құрметті азаматы, осы ауылдың түлегі, әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетқызының «Ауылым – әнім» атты ән кеші өтті.

Кешті Қазақстан Журналистер және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,филология ғылымдарының кандидаты, Махамбет сыйлығының лауреаты Гүлзада Ниетқалиева жүргізді.

Алдымен жиылған көпшілік экран арқылы өнерпаздың өмір жолы және өнері жайында дайындалған Өнерім – өмірім» атты деректі филімді тамашалады. Одан соң көрермен әнші орындауындағы әндермен, сазгердің өз туындыларын тамашалады. Сондай-ақ, кеш қонақтары да әннен шашу шашты.

Ауыл халқы үшін тамаша тарту болған концерт соңында Жанбай ауылдық округінің әкімі Дидар Есмұханов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Мүтиғолла Насиханов жылы лебіздерін білдіріп, алғыс хат табыстады, ауыл кәсіпкері Есенаман Құрасовтың демеушілігімен әншіге ат мінгізді.

Ал, тұрғындар атынан сөз алған ақын Адайбек Есекеш әнші-сазгерге арнап әкелген жыр жолдарын тарту етті. -Биыл осы топырақтан түлеп ұшқан жезтаңдай əнші Гүлмайдан апамыз 60 жасқа толып отыр. Осы бір мерейлі жасын ауылдастарымен атап өтіп, бір жағынан көптен əнін тыңдамаған жерлестеріне өнер кешін сыйлау мақсатында əнші əпкемізді шақырғанбыз. Шара жоғары деңгейде өтті деп есептеймін, - дейді Жанбай ауылдық округінің əкімі Дидар Есмұханов.

С.МҰРАТХАН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT