Исатай ауданында Елорда күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Исатай ауданында Елорда күніне арналған «Елордамыз – бейбітшілік қаласы» атты мерекелік шара өтті.  

Бұл мереке елімізде 1998 жылдан бері тойланып келеді. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танылды. Ерке Есілдің жағасындағы бір кездегі Ақмола бекінісі қазір еліміздің жүрегіне, қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

Елорда күнін елеусіз қалдырмайтын исатайлықтар бүгін кешкі салқынмен аудан орталығындағы «QAZAQ ELI» саябағына жиналды.

Алдымен аудан әкімі Полымбет Хасанов тұрғындарды мерекемен құттықтады.

- Қазақстандықтар үшін бұл мерекенің маңызы жоғары. Себебі, Отанымыздың – жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі – Астана арқылы Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Еліміздің ұстанған саясатының арқасында бірнеше ұлт өкілдері ашық аспан аясында бейбіт өмір сүруде. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орнады. Осындай жетістіктеріміздің арқасында Астана мемлекет басшылары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері бас қосатын, әлемдік мәселелерді шешетін орталыққа айналды.

Сонымен қоса, Елордамызда дүниежүзілік, халықаралық жиындар мен кеңестер, конференциялар, әлемдік деңгейдегі спорттық-мәдени шаралар да өткізілуде. Бұл дегеніміз, Елордамыздың қазіргі заман талаптарына сай келетіндігін және де қала тұрғындары мен шетелден келген қонақтарға барлық жағдай жасалғандығын білдіреді,-деді және де ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады.

Атап айтқанда, облыс әкімі Серік Шәпкеновтың алғыс хатымен облыстық Атырау телеарнасының аудандағы меншікті тілшісі Ержан Шеруенов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұхановтың алғыс хатымен аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы Нұрболат Нұғманов, аудан әкімінің алғыс хатымен Еңбек ардагерлері Хабиболла Мұханбетов, Каким Жаңбырбаев, Сайлаубай Қарабалаев, «Алима» жеке тігін шеберханасының иесі Тұрсынгүл Балажанқызы, «Маханбетов.М» шаруа қожалығының басшысы Марат Аруұлы, аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Болат Зұлхашев, жеке кәсіпкер Қуаныш Мұхатұлы және мемлекеттік қызметкер Мөлдір Насихатқызы марапатталды.

_dsc0622

Бұдан кейін аудан өнерпаздары тұлпардай тулап, қырандай самғап көрерменді әуелеген әнге көмді. Бұраңбел бишілер де сахнадан табылып, көздің жауын алды.

Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521