Исатай ауданында қос саланың үздіктері марапатталды

Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде 15 қараша - Ұлттық валюта теңге күні және қараша айының үшінші жексенбісі  ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті.

Жиында аудан әкімі Полымбет Хасанов қос сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, елеулі еңбек атқарып жүрген қос сала мамандарына облыс әкімінің, облыстық қаржы басқармасының және өзінің алғыс хаттарын табыстады.

img_9531

i

i

Атап айтқанда, облыс әкімінің алғыс хатымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Бәтима Қабиева, облыстық қаржы басқармасының алғыс хатымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жайдары Қадырова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімінің бас маманы Гүлдана Нұрмұханбетова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алғыс хатымен «Абдолов» шаруа қожалығының басшысы Нұрмұхан Абдолов, аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық қазынашылық басқармасының басшысы Жазылбек Сүйінғалиев, Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Гүлнәр Ғаділжанова, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гүлшара Мұхтарова, аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есепшісі Рита Мұханбеталиева, жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің бас есепшісі Дулат Темірбекұлы, «Халық Банк» АҚ аудандық филиалының бақылаушы-кассирі Мархаббат Сабырова, «Зубариева Аминат» шаруа қожалығының мүшесі Зелимхан Зубариев, «Арғымақ-Айғана» шаруа қожалығының басшысы Хадиша Құсайынова, «Абишев Ж.К» шаруа қожалығының басшысы Жұмабек Абишев, «Бозшиев» шаруа қожалығының басшысы Тастай Бозшиев, «Мерей» шаруа қожалығының басшысы Алмас Аманбаев, «Нұғманов» шаруа қожалығының басшысы Төребай Нұғмановтар марапатталды.

i

i

i

Одан соң сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әліби Хайдаровтар да мінберге көтеріліп, ізгі тілектерін арнап, бір топ қос сала мамандарына облыстық және аудандық мәслихаттың, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының құттықтау хаттарын табыстады.

Олардың ішінде облыстық мәслихаттың алғыс хатымен аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Жаңылсын Мерғалиева, аудандық мәслихаттың алғыс хатымен Нарын ауылдық округі әкімі аппаратының есепшісі Айнұр Қалиматова, Зинеден ауылдық клубының есепшісі Арайлым Түсіпалиева, Өркен бөбекжай-бақшасының есепшісі Айнагүл Мұхиденова, аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Назым Сатқанова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының менеджер-кеңесшісі Нұргүл Смағилақызы, «Макаримов» шаруа қожалығының басшысы Ризабек Макаримов, «Асылбек Әли» шаруа қожалығының басшысы  Әди Тұрлан, «Темірлан» ЖК  иесі Айнұр Табылдықызы, «Есенов С» ЖК иесі Самат Есеновтер марапатталса, Тұщықұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Аябек Лұқпанов, «Жалын» мәдениет үйінің экономисті Жанар Қосаманова, «Нарын» бөбекжай-бақшасының есепшісі Әсел Бақтығалиева, аудандық жастар ресурстық орталығының бас есепшісі Гаухар Төлегенова, Абай атындағы орта мектептің есепшісі Гүлмира Игисиноваларға  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаты табысталды.

i

i

Кәсіби мерекеге орайластырылған салтанатты жиын «Жалын» мәдениет үйі ұйымдастырған сазды бағдарламамен әрлене түсті.

i

img_9600

Мерекелік кеште жуырда облысымыздан жеңімпаз атанған зинедендік жайдарманшылардың өнер көрсеткенін, сондай-ақ ауыл өнерпаздарының да ел, туған жер тақырыбындағы әсем әндері кеш көркін қыздырғанын айта кеткен жөн.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521