Исатай ауданында үлгілі отбасылар марапатталды

Бүгін Исатай аудандық «Жалын» мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, Отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Отбасы – бақыт мекені» атты салтанатты шара өтті.

Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулеттердің өмірін көпке үлгі ретінде көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» сайысы бүгінде өрісін кеңге жайып, оған қатысушы отбасылар саны артып келеді. Биыл, міне, аталмыш байқаудың аудандық кезеңінде әр окруктен қатысқан 8 отбасы бақтарын сынады. Араларында өнер, білім, мемлекеттік қызмет сияқты әртүрлі салаларда еңбек етіп жүргендер де бар. Қызмет пен отбасылық өмірді қатар алып жүрген жанұя мүшелері жас ұрпақты рухани құндылықтарға үйретіп, отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеп келеді.

_

Шарада сөз алған аудан әкімі Полымбет Хасанов «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан отбасыларға өзінің құттықтау тілегін жеткізді.

_

- Өздеріңізге белгілі қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» мерекесі ретінде аталып өтеді. Біз үшін бұл мерекенің маңызы да, мәртебесі де жоғары. Себебі «отбасы» ұғымы қазақта киелі әрі қастерлі болып есептеледі. Ауданымызда тәлім-тәрбиесімен көпке үлгі болып, жақынына жанашыр, ағайынға сыйлы, ұл-қыздарының бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп жүрген отбасыларымыз аз емес. Осындай жанұяларды көпке үлгі қылу мақсатында елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» байқауы өтеді. Биыл байқаудың аудандық кезеңіне 8 отбасы қатысып, оның ішінде 2 отбасы облысқа жолдама алды. Облыстық кезеңнің қорытындысымен Исатай ауылында тұратын Кенжешевтар отбасы жеңімпаз атанып, республикалық кезеңде бақтарын сынады. Республикалық додада Кенжешев Құрманбек ағамыздың отбасы лауреат атанды. Осындай «Мерейлі отбасыларымыз» ауданымыздың мерейін асыра берсін. Осы орайда, әр отбасыға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Әр күндеріңіз  мерекелі де, берекелі болғай, - деген аудан басшысы «Мерейлі отбасы» байқауының аудандық кезеңіне қатысқан және үлгілі отбасыларға өзінің алғыс хаты мен естелік сыйлықтарын табыстады.

_

_

_dsc0358

 

Сондай-ақ салтанатты шарада аудан басшысы Ш.Шәріпов атындағы аудандық балалар саз мектебінің отыз жылдық еңбек өтілі бар жоғары санатты домбыра сыныбы мұғалімі Зоя Насихановаға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тақты.

_dsc0403

_

- Мерейлі отбасының құпиялылығы – сыйластық пен жарастықтың белгісі. Отасқанымызға 46 жыл болды. Сол жылдары жұбайым екеуміз қуанышты да қиындықты да бастан өткердік. Үйде де, түзде де бір-бірімізге сүйеу, демеу болып, бірімізді-біріміз қолдап, балаларды өсірдік. «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, республикалық кезеңнің лауреаты атанғанымызда қатты қуандық. Міне, бүгін аудан әкімінің құрметін де көріп жатырмыз. Осындай салтанатты шараны қолға алған ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз. Әуелі Алла, сосын балалардың арқасында мерейлі болып отырмыз деп білемін, - дейді Кенжешов Құрманбек ағамыз.

_dsc0490

Салтанатты жиын «Жалын» мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік ән шашуымен жалғасын тапты.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521