Исатай ауданында ұстаздар марапатталды

Бүгін Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасановтың қатысуымен ұстаздар күні мерекесіне орай  аудандық «Жалын» мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.                                                       

Сондай-ақ жиынға аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева, білім беру саласының ардагер ұстаздары, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің басшылары, қызметкерлері қатысты.

Мерекеге арналған салтанатты жиынның шымылдығы Исатай орта мектебінен келген «Жігіттер» тобының орындауындағы «Ұстабыз біз» әнімен ашылды. Одан әрі алғашқы құттықтау сөз кезегі аудан әкімі П.Хасановқа жолданды.

img_7891

i

- Құрметті ұстаздар, сала ардагерлері! Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын жүректен алғыс айта отырып, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. «Алты алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» - деп қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев айтқандай, сіздердің ұлттың болашағы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз ұшан теңіз. Бүгінде елімізде мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында кешенді жобалар қолға алынып, жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін нақты істер атқарылуда. Биылғы жаңа оқу жылында ұстаздар мен оқушылар дәстүрлі оқу форматына қайта ауысты. Бұл бәріміз үшін де қуанышы жаңалық. Ауданымыздың білім беру мекемелері ұстаздары мен оқушыларын толықтай қарсы алды. Биыл 4 мектептің кітапханасы мен асханасы ағымдағы күрделі жөндеуден өткізіліп, барлық білім беру мекемелері оқулықтар мен әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектебі жанынан 350 орынға арналған жапсаржай құрылысы, Ю.Гагарин атындағы орта мектепке толықтай күрделі жөндеу жұмыстары жасалып басталса, аудан орталығынан 320 орындық білім беру нысанының құрылысы аяқталу үстінде. Елдің ертеңі үшін енгізіліп жатқан білім саласындағы түрлі бағдарламаларды именбей игеріп, жатсынбай жас ұрпақтың санасына сіңіруде сіздердің үлестеріңіз мол. Алдағы күндеріңізге сәттілік пен қайрат тілеймін, - деген аудан әкімі білім беру саласының дамуы жолында елеулі еңбек атқарып жүрген бірқатар ұстаздарды Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, облыстық білім беру басқарма басшысының Алғыс хаты, Құрмет грамоталары және өзінің Алғыс хатымен марапаттады.

i

i

img_7974

i

i

Одан соң сөз алған аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева және облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының аудандық филиалы төрайымы Қарлыға Дүзбаева мінберге көтеріліп, ізгі тілектерін арнап, білім беру саласының бір топ қызметкерлеріне аудандық білім бөлімі басшысының Құрмет грамотасы және қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы федерациясының Құрмет грамоталарын ұсынды.

i

i

Мерекелік шарада ардагер ұстаздар да назардан тыс қалмады. Ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында оларға гүл шоқтары табысталды.

i

i

Салтанатты жиынның соңы мерекелік сазды бағдарламамен әрлене түсті.

i

i

i

Ұстаздар күніне орайластырылған мерекелік кеште сахна төрінде тек аудан ұстаздары өнер көрсеткенін, сондай-ақ олардың орындауындағы «Ұстазым», «Ұстаз бен шәкірт», «Сағындырған әндер-ай», «Мың алғыс саған ұстазым», «Тек алға», «Найзағай болып», «Ұстаз ана» атты әсем әндері кеш көркін қыздырғанын айта кеткен жөн.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521