Қос ансамбліміз облыстық сайыстан жүлделі оралды

Кеше Атырау қаласында "Дәстүрлі әуен - өнердің өркені" атты фольклорлық ансамбльдер байқауы өтті.

image-23

Ұлттық фольклорымызды, халық аспаптарын насихаттау, аспапта орындаушыларды ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға облыс бойынша барлығы 10 ансамбль қатысты. Аталған сайыста үздіктер қатарынан біздің өнерпаздар да табылған еді. Атап айтсақ, Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің ұстаздары ансамблі I орынмен қоса 200 мың теңгені қанжығаға байлады. Сондай-ақ қамысқалалық "Көңіл күйі" фольклорлық ансамблі II орын мен оған тігілген 150 мың теңге байрақты еншілеп, абыройымызды асырды. Қамысқалалықтардың арасынан республикалық ән байқауларының жүлдегері, дәстүрлі әнші Айнагүл Базарованың «Үздік ән орындаушы» аталымы мен 70 мың теңгеге ие болғанын да айта кетейік.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Анаргүл Құсайынова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521