Қыр баласы қол созады аспанға: 8 қараша Yemma Artspace-те

Құрметті, Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді, 8 қараша күні, сағат 19:00-де Yemma Artspace кеңістігінде өтетін «Қыр баласы қол созады аспанға» жобасы көрмесінің ашылуына шақырамыз!

Бұл – даламен тыныстап, табиғатпен тілдескен шығармашылық сапардың нәтижесі. Бірнеше ай бойы жоба қатысушылары Атырау облысының 7 ауданын аралап, өңірдің табиғи келбетін, адамдардың жүзін және дала болмысының өзіндік ерекшеліктерін жинады.

Сапар барысында көзге түскен әсем табиғат көріністері мен әсерлі сәттер 8-17 қараша аралығында көрермен назарына ұсынылады. 

Көрме – тек өнер туындыларының жиынтығы емес, бұл дала мен аспанның, адам мен өнердің тоғысқан сәті.

Өтетін күні: 8 қараша, сағат 19:00
Өтетін орны: Yemma Artspace

Баршаңызды көрмені тамашалауға және жобаның шығармашылық нәтижелерімен танысуға шақырамыз!

@isb_atyrau @cisc_official @golden_steppe_explorers @yemaa_artspace

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT