Ұлы дала мұрасы – ұлттың таза тұмасы

Ұлттың ұлт болып сақталуы оның тілі мен дінінен кейін ұлттық мәдениетінің өміршеңдігімен тығыз байланысты.

Әні де, мәні де арзан дүниелерден гөрі өз салт-санамызға тән құнды дүниелерімізді көздің қаршығындай қорғау, заманға сай дамыту бүгінгі ұрпаққа жүктелген аманат екенін әрқайсымыз ескеруіміз қажет. Елбасы мақаласында қамтылған «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын ұлт өнерінің болашағына жасалған үлкен қамқорлық деп ұғынуымыз керек. Онда Президентіміз «Дала фольклорының антологиясын» жасауды тапсырды. Халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері жинақталатын бұл топтамаға қоса «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыкалық аспаптар жинағын басып шығару жайы да айтылды. Алда көзделіп отырған ұлт әуендердің цифрлық форматта «жаңа тынысқа» ие болуын ұлттық музыкамыз бен аспаптарымызды әлемге паш етудің тамаша мүмкіндігі деуге болады. Мәдениетімізді жан-жақты зерттеп, оның таза тұнбасын насихаттайтын кез жетті. Әлі-ақ, Қадыр ақын айтқан «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» екенін басқалар да білетін болады. Ол үшін ұлт құндылығын қадірлеп, дәстүрімізді дәріптейтін жастардың қатары көп болуы керек деген ойдамын.

Ербол АҚТАНОВ,

Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT