Мәдениет қызметкерлерінің еңбегі еленсе

Көрінбейтін, елене бермейтін қызметтердің бірі - мәдениет қызметкерлерінің жұмысы.

Қай шара болмасын құлап-сүрініп, бүкіл мемлекеттік маңызы бар мәдени жұмыстарды атқарып жүрген мамандардың көбіне-көп елеусіз қалып жататыны баршаға аян. Мемелекет басшысы биылғы Жолдауында мәдениет қызметкерлерін қолдау жайлы айтқанда өнер адамдарының айрықша қуанғаны белгілі. Өйткені олар  расында да қолдаудан шет қалып жүр.

«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды» деген Президент мұндай ахуал осы кәсіптің беделін түсіріп, салдарынан лайықты кадрлардың тапшылығы айқын сезіліп жатқандығын атады. «Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс» деді Қ.Тоқаев өз Жолдауында. Ұлттың ұлт болуы оның мәдениетімен тікелей байланысты.

Ендеше ел Президентінің бұл қамқорлығы - ұлт өнеріне жасалған жаңа серпін.

Ыбырай МҰХТАРОВ,

«Жалын» мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521