Наурыз күндері Нарын ауылдық округінде де мерекелік түрлі шаралар ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті.
Саябақта өткізілген шараға ауылдың барлық жас-кәрісі түгелдей қатысты. Онда ауыл әкімі Рухолла Такенов сөз сөйлеп, барша ауылдастарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Әсем ән мен тәтті күйге кезек беріліп, театрландырылған қойылымдар көрсетіліп, бауырсақ пісіріліп, наурызкөже ұсынылды.
Әсіресе, ауыл жастары мереке кезінде ұйымдастырылған асық ату, қол күресі, кір тасын көтеру, садақ атудан өткен ұлттық ойындарға белсене қатысты.
Мысалы, қол күрестен өткен спорттық сайыста Мейіржан Бөкенов, Нұрәділ Асылбекұлы, Санжар Батих, кір тасынан Мейіржан Бөкенов, Ернар Бөкенов, Біржан Сақтап, асық атудан Бекзат Ерболатұлы, Данабек Әлібекұлы, Бекарыс Нұрсұлтанов, садақ атудан Асан Самиғоллаев, Расул Асылбек, Бекжан Ғимадденовтар алдарына жан салмай, жүлделі орындардан көрінді.
Аяпберген САЛИХОВ