Өнер қонған Мажитовтер отбасы облыс сахнасында өнер көрсетті

Маусымның 20-сы күні "Өнерлі шаңырақ – отбасы шаттығы" атты тақырыпта облыстық өнерлі жанұялар шеруі өткен болатын.

Отбасылық өнер байқауын Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырды. Махамбет, Индер, Қызылқоға, Жылой аудандарымен қоса Атырау қаласынан төрт отбасы қатысқан өнерлі жанұялар шеруінде ауданымыздан Кенжемұрат Мажитовтың отбасы да өнер көрсетті. Исатайлық жанұялық ансамбльдің өзге топтардан ерекшелігі әнді аспаптық ансамбльде ойнап, жанды дауыста орындағандығы болды.

М.Мақатаевтың сөзіне жазылған "Ана сен бақыттысың" əнін күй сандықта Кенжемұрат Мажитов, барабанда кішкентай ұлы Нұртөре, гитарада қыздары Дана мен Жанерке орындады. Ал, "Балалық бай" деп аталатын қазіргі заманауи əндердің бірін Дана, Жанерке, Нұртөре қосыла шырқады. Кенжемұраттың жары Қамажай Зайынова болса ансамбльдің көркемдік жағын қадағалап, режиссерлік міндетті өз мойнына алыпты.

Шара соңында ұйымдастырушылар өнерлі отбасыларға ризашылық білдіріп, бағалы түрлі-түсті теледидарды тарту етті.

Серікбол БЕРІКБАЙ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21