Өнербек халықаралық айтыста бақ сынайды

Ертең Атырау қаласында халықаралық ақындар айтысы басталады. Екі күнге жоспарланып отырған жыр додасында елімізге белгілі Ринат Зайтов, Рүстем Қайыртайұлы секілді адуынды ақындармен қоса Қытай, Моңғолия мемлекеттерінен айтыскерлер өнер көрсетпек.

«Байтақтан озып, бәйге алған» атты сөз сайысы Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналмақшы. Айтысқа Исатай ауданынан жанбайлық жүйрік Өнербек Дәулекенов қатысады. Топ алдында іркілмейтін айтыскеріміз бұған дейін де жерлестерін жерге қаратып көрген жоқ. Оның ертеңгі жұбы Батыс Қазақстан облысының шоумені Жансая Мусина болмақ. Осыдан он жыл бұрын Атырау сахнасында жолдары түйіскен қос ақын көрерменге қызықты айтыс ұсынған еді. Бұл жолы да Өнербек намысты қолдан бермейді деген сенімдеміз.

Айта кетейік, айтыста облысымыздан Шалқарбай Ізбасаров, Серік Қойшығұлов, сондай-ақ ірі додаға алғаш рет шыққалы отырған Абылай Смағұлов пен Бимырза Әбілқайыр сынды қос жас ақын топқа түседі.

Дүбірлі дода Балықшы кентіндегі «Жастар» шығармашылық орталығында 10.00-де басталатынын еске саламыз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521