«Патша сөздің Фаризасы». Ақынға арналған апталық басталды

Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған республикалық көлемде «Патша – сөздің Фаризасы» атты апталық өтуде, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

farizaon1

fariza-6

Ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталған шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жалғасты. Онда алғаш рет «Ар мен ақын» деректі фильмі көрсетіліп, «Жыр – менің жалғыз тарланым» аудио-дискінің тұсауы кесілді. Ақынның өз дауысымен өлеңдері жазылған аудио-дискіні мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Әнес Сарай мен Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры Қадыр Өтегенұлы таныстырды.

farizaon

Апталық аясында «Патша – сөздің Фаризасы» атты ғылыми-практикалық конференция да өтті. Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева конференцияға арнайы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды.

fariza-5

- Фариза Оңғарсынова Атырау топырағының төл перзенті, өңіріміздегі білімнің қара шаңырағы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің алғашқы түлектерінің бірі. Ол қарымы мол талант иесі, сөз өнерінің кемеліне жеткен суреткер. Фариза шығармашылығының бүкіл болмысын, ерекшелігін, қасиеттерін жеткізіп айту өте қиын. Қазақтың қыздар поэзиясының өсіп-өркендеуінің, биік деңгейге жетуінің айқын дәлелі де осы. Оның жырлары мәңгі жасайды, - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика