Қамысқалада ретро-концерт өтті

Х.Ерғалиев ауылында жақсы әнге жаны құмар ауыл тұрғындарына арналған айтулы "Сағындырған әндер-ай" ретро ән кеші өтті.

retro-c

Кеште тамылжыта ән салған да, мың бұрала билеген де, әсерлі көрініс сахналаған да - осы ауылдың өнерпаздары. Бұл идеяны ұсынған Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің басшысы Жібек Сағидоллақызының ұйымдастырушылық қабілеті көпті сүйсіндірді.

retroqc

Алыста қалған аяулы сәттерге, сағына күткен сағынышты саз әлеміне шомылғандай болдық бұл кеште. Шараны нақышына келтіре жүргізген айтулы өнерпаз Ұлан мен қамысқалалық Торғынның жағымды үндері де, әзілі аралас әңгімелері де халықты бір күлдіріп, бір ойға батырды.

retro32

Бұл кеште шырқалған Ш.Сариевтің сөзіне жазылған Г.Дәукенованың "Сағымдар жылдар"әні, Ш.Қалдаяқовтың "Дүнген қызы", Т.Рахымның "Алтайдың ар жағынан келген аруы", Е.Хасанғалиевтың "Гүл сезімі", "Атамекені", Н.Тілендиевтің "Құстар қайтып келе жатыр", М.Рүстемовтың "Ақ босаға" әні, А.Қоразбаевтың "Менің дағы бір аққуым бар шығар" сынды сағыныш саздары жаны сұлулыққа іңкәр,талғампаз көрерменнің құлақтарының құрышын қандырды.   

r

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT