Қамысқалада «Жыл үздіктері» марапатталды

Көктемнің алғашқы күніне белгіленген Алғыс айту күні елімізде биыл жетінші рет тойланып отыр.

Кеше Х.Ерғалиев ауылында аталған мерекеге орай «Алғыс айту – парызым» атты көпшілік шара өтті. Ауыл әкімі Рафиғат Тәжиденова жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

1

- Елімізде көктемнің алғашқы күні адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы мен ризашылық білдірумен басталады. Бұл күн ел бірлігін бекемдеуге, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелеуге зор үлес қосып келеді. Кең пейілді қазақ халқы қашан да әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып, бағалап отырған. Осынау мерекеде туған жерді түлету жолындағы еселі еңбектеріңізге толайым табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, амандық тілеймін, - деген ауыл әкімі өткен жылдың қорытындысы бойынша Қамысқала ауылдық округіндегі өз ісінің үздіктерін марапаттады.  

4

d

Қамысқала ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Күләш Нұрманова «Жылдың үздік дәрігері», ал ауыл шаруашылығы саласының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген шаруагер Айтқали Қабибуллин «Жылдың үздік шаруагері», Қамысқала ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Зинагүл Мұхтарова «Жылдың үздік мәдениет қызметкері» атанды. Сондай-ақ, аудандық телекоммуникация торабының монтері Ерболат Шатхарин «Жылдың үздік байланыс қызметкері», көптеген шараларға демеушілік көрсетіп жүрген Сара Қуанова «Жылдың үздік кәсіпкері», «Аққу» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі «Жылдың үздік меңгерушісі» номинацияларына ие болды. «Жылдың үздік жаттықтырушысы» Үмбет Мұсағалиевқа, «Жылдың үздік ұстазы» Ләззат Қуанғалиеваға, «Жылдың үздік мемлекеттік қызметкері» Айгүл Қадыроваға және «Жылдың үздік діни қызметкері» аталымы Қанатқали Абдилдаевқа бұйырды.

d

Мерекеге арналған салтанатты жиын Қамысқала ауылдық мәдениет үйі өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық әндер әуеледі.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT