"Қазбат" фильмі "Qazaqstan” телеарнасында көрсетіледі

Фильм шынайы оқиға желісімен түсірілген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Туындыда 1995 жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Тәжікстанда болған қақтығыста бітімгерлік миссиясын атқару кезінде орын алған оқиғалар туралы суреттеледі. 1995 жылғы 7 сәуірде ҚР Ішкі әскерінің 7-ші жиынтық ротасы Пшихавр шатқалында торуылға тап болып, іргелес жақтың содырларымен теңсіз ұрысқа түсті. Сол ұрыста 17 адам қаза тауып, 33 адам жараланды. Ауғанстан жақтан шабуыл жасаған Тәжікстандағы заңсыз оппозицияның содырлары бір сағат ішінде Тәжікстан аумағына кіруді ойлаған. Бірақ күшті қарсылыққа тап болып, бес сағатқа созылған ауыр ұрыстан соң артқа шегінуге мәжбүр болды.

- Олар 20-ға толмаған жас жеткіншектер болса да жауға дес бермей, ерлік пен батырлықтың нағыз үлгісін көрсете білді. Бұл олардың отанына адалдығын, отансүйгіштігін дәлелдейді. Бұл фильмнің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақстандық жауынгердің ерлігі мен батылдығының үлгісін көрсету. Олардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталады, - дейді Тәжік-Ауған шекарасы ардагерлері одағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Қанат Қадырқұлов.

Айта кетейік, көркем фильмнің алғашқы ресми қойылымы еліміздің барлық кинотеатрларында бүгін, яғни 21 қараша күні шығады. Фильмнің телевизиялық нұсқасы 2020 жылы 7 сәуір күні Тәжік-Ауған шекарасында болған оқиғаның 25 жылдығына орай "Qazaqstan” телеарнасында көрсетіледі.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21