Исатай Тайманұлының туғанына – 230 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған мерекелі күн өз жалғасын табуда.
Делегация құрамы Исатай Тайманұлының ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімін аяқтаған соң, аудандық «Жалын» мәдениет үйінің бірінші қабатында Исатай аудандық музейінің ұйымдастырған батырға арналған көрмені тамашалады.
Көрмеге батырдың портреті, этнографиялық бұйымдар, қазақ жауынгерлерінің қару-жарақтары, аң терілері, музыкалық аспаптар, Исатай ұрпақтарының суреттері бейнеленген стенділер және өзге де құнды жәдігерлер қойылған.
Көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихымен музей меңгерушісі Гүлмарал Жұбанова таныстырды.
Әділбек СЫРЫМОВ