Құрманғазылықтар Исатай ауданында өнер көрсетті

Бүгін «Жалын» мәдениет үйіне көршілес Құрманғазы ауданының өнерпаздары келді.

1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік салтанатты шараның ерекшелігі бұнда жергілікті өнерпаздар ғана емес, көрші ауданның да әнші-бишілері өнер көрсетті. Исатай және Құрманғазы аудандары арасындағы мәдени-іскерлік байланыстар жасау жөніндегі келісімге сәйкес өткізілген шара іргелес қос ауданның татулығы мен достығын айқындағандай.

q

Алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан жиылған көпшілікті Алғыс айту күнімен құттықтап, ауданымызға арнайы ат басын тіреген құрманғазылықтарға ілтипат білдіріп, екі өңірдің мәдени-іскерлік байланысын дамытудағы жұмыстарға сәттілік тіледі және Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Сәдуақасқызына аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Одан әрі сахнаға көтерілген құрманғазылық өнерпаздар кештің сәнін келтірді. Жанрдың қай түрінен де қалыс қалмаған өнер ұжымы көптің көңілінен шықты. Концерт соңында Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Сәдуақасқызы аудан әкіміне Алғыс хат табыстады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521