Қыдыр ата исатайлықтарға бата берді

Исатайда Наурыз мейрамына орай өткен шарада ауыл тұрғындарын округ әкімі Асылан Ғұбаш құттықтап, ауылдағы елдің ықыласына бөленіп, маңдай терлерімен халыққа қызмет етіп жүрген дәнекерлеуші, механик, шаштараз болып жұмыс істейтін жігіттерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Ауылдың  ақсақалы Айдолла Нұрсапин Қыдыр ата болып, ауылдастарға ақ батасын берсе, ардақты ана Роза Бектемірова тойға келген  қонақтарға наурыз шашуын шашты. Одан кейін сахнада күй тартылып, әндер айтылды.

4

«Бөбекжай» балабақшасының ұжымы театрландырылған көрініс қойып, қазақтың ұлттық дәстүрлерінен көріністер  көрсетті. Киіз үйлер тігіліп, онда әрбір мекеме бауырсақ пісіріп, қонақтарға наурыз көже ұсынып, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

f

e

Алтыбақан құрылып, ауыл жастары өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ  ауыл тұрғындарына  алдын ала лоторея билеті таратылып, заттай ұтыстар ойнатылды. 

Аяпберген САЛИХОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT