Танымал суретшілердің таңғажайып туындылары

Жақында ауданымызда облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы сәндік өнер музейінің жұмыс жоспарына сай музей қорынан «Ғажайыпқа толы сырлы әлем» атты танымал қылқалам шеберлерінің туындыларынан жылжымалы көрме өтті.

«Жалын» мәдениет үйінде өткен көрме танымал қылқалам иелерінің шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау, аудан тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлауға негізделген. Онда өнер иелерінің еңбектері, қиялынан туған туындылар қойылды. Сырлы әлем, сиқырлы бояу үндестігі қарапайымдылығымен көрерменді өзіне баурап алатын дүниелер өнерсүйер көпшіліктің көңілінен шыға білді.

Көрмені тамашалаған аудан тұрғындары К.Жамалованың «Алтын қайық», Р.Слекеновтің «Саяхат», И.Никельдің «Үндестік», Ш.Сариевтің «Жанұя досы Мәриям бейнесі», «Аухат бейнесі», «Қолға су құю», «Ақын», тағы да басқа суретшілер картиналарын көріп, тамашалады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521