Тарихын білгеннің – болашағы зор

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып шыққанда еліміздің, ұлтымыздың кешегісі мен бүгінін сараптағандай сезіндім.

Бұл – алғашқы әсер десем болар. Соның ішінде атқа міну мәдениеті жайындағы зерделеу ойымызды біраз белестерге алып шыққандай.

Шыны керек, еліміздің солтүстік өңіріндегі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдейтіні мақтаныш сезімге бөледі. Онымен бірге жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бұрынғы ата-бабаларымыздың байыпты атбегі, мықты жауынгер болғанын сезіне отырып, көкпар десе қаны қызып, бәйге десе делебесі қозатын бүгінгі қазақ солардың жұрнағы екенін де анық пайымдағандай болады екенсің. Көз алдыңыздан қазақтың көне тарихы тізбектеле өтіп жатқандай көрініс берген жазбалардың шынайы рухани жаңғыруға жетелерін аңдайсың. Алдымен өзімізді-өзіміз танып-білуге үндейтін бұл мақала қазақтың қандай болғанын, кім екенін жаһанға жеткізер жеті қырын жүйелей түскен. Мақаланың қорытындысында Елбасының өзі «... Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» дейді. Ендеше, бұл айтылған жеті қырды шынайы рухани жаңғыруға жетелер жолдың бір бастауы десек ләзім.

Тұрлан МАЖАНОВ,

«Мажанов» шаруа қожалығының жетекшісі.

Тұщықұдық ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521