Тұщықұдықтағы дүбірлі мейрам

Табиғат қайта түлеп, күн мен түннің теңелетін, ынтымақ пен ырысқа, береке-бірлікке үндейтін Ұлыстың Ұлы мерекесін Тұщықұдық ауылының тұрғындары да мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.

Жұртшылық күн арқан бойы көтерілгеннен-ақ орталықтағы Н.Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйіне қарай ағылды. Биылғы қыстан аман-есен шыққан ағайындар бір-бірімен қауышып, көрісіп, жақсы тілек-ниеттерін арнап жатты.

2

Наурыз тойында ауылымызда әдемі киіз құрылып, наурыз көже мен бауырсақ пісіріліп, ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы ауылдық округ әкімі Айбатыр Бекішұлы мен ауыл ақсақалы Шәріп Сыдиховтың құттықтау сөзімен ашылды.

2

Ары қарай ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Әрбір мекеме «Сырға салу», «Құда түсу», «Тұсаукесер» тағы басқа  қазақтың ұлттық дәстүрін бейнелейтін театрландырылған  сахналық көріністер қойды. Әжелер ансамблі  әуелете ән салып,  бишілер мың бұрала биледі. «Түйе палуан», «Арқан тарту», «Қой көтеру» секілді спорттық ойындар өтті.

2

Еңбекте үздік көрініп жүрген азаматтар мен азаматшаларға ақшалай сыйлықтар берілді. Арнай тігілген киіз үйлерде  аталар мен әжелерге, еңбек ардагерлеріне дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT