Ж.Омаров жиырма бес адамға концерт қойды

Исатай ауданындағы "Жалын" мәдениет үйінде белігілі айтыскер ақын, термеші, сазгер Жәкен Омаровтың "Біздің елдің жігіттері" атты ән-жыр кеші өтті.

Жауһар жыр төгіліп, тәлім тұнған терме айтылған рухани кеште болғандар мол олжаға кенелді. Бірақ, жарнамасы біраз күн бұрын жасалса да шарадан жиырмаға жуық мәдениет қызметкерлерінен бөтен көрермен таба алмадық. Дегенмен, аз демей, көрерменді ән-жырына бөлеген ақын концерттік бағдарламасын толық ұсынды.

zhken-1

Туған жер, ата-ана, ерлік, елдік тақырыбындағы әсем әндер шырқалған кеш ақынның "Аққұрдастарым Атыраудағы" әнімен түйінделді.

-Бұл әнді Атыраулық аққұрдастарым Салауат Исахаев пен Нұрлан Қайырденовке арнап жазған едім. Құрдас, достарыңыз аман болсын, - деді ол әннен бұрын ақ тілегін арнап. Концерт соңында жергілікті жыршы-термеші Манарбек Дәулетов ақынға аудан атынан алғыс айтып, өнерге ризашылық білдірді.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT