Жаңа толғау Перизатқа жүлде сыйлады

"Текті сөздің төресі-терме" атты жыршы-термешілердің облыстық байқауы өткен болатын.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен конкурсқа 9 термеші қатысты. Жыр, терме жанрын дамыту және оны жастардың арасында кеңінен насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға негізделген додада қатысушылар Жастар жылына және Сүгір жырау Бегендікұлының 125 жылдық мерейтойына, Фариза Оңғарсынова 80 жылдығына орай тақырыптық бағыттағы шығармаларды орындады.

perizat12

Аталған өнер сайысында Исатай ауданының намысын қорғаған Ш.Шәріпов атындағы балалар саз мектебінің мұғалімі Перизат Сапаева жүлделі III орынға ие болып қайтты.

Айта кетейік Перизат аталған байқауда жанбайлық ақын Адайбек Есекештің Фариза Онгарсынованың 80 жылдығына арнаған "Найзағай жырдың жарқылы" атты термесін орындады.

Жаңа толғау мен оның алғашқы жүлдесі құтты болсын!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521