Жастар саябақта сурет салды

Өнердің ерекше әдісі, креативті ойлау, қылқаламмен сурет салу, жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Qazaq eli" мәдени-демалыс саябағында сурет салу конкурсы өтті.

suretsalu3

Конкурс шарты бойынша жастар саябақтағы өздеріне ұнаған көріністерді бейнелеуі тиіс. Берілген сағатжарым уақыт ішінде қылқаламшылар өздерінің шеберліктері жеткенше суреттерін салып шықты. Сонымен қоса, "Aqqystau oil" парақшасының админі Ілес Нұрболатұлы инстаграм желісі арқылы тікелей эфирде жастардың туындыларын аудан халқына ұсынды.

suretsalu4

suretsalu5

Желі қолданушыларының ерекше пікірлерін қатысушыларға жеткізді. Ұйымдастырушылардың шешімімен, ерекше идеясымен қоса шеберлігімен көзге түскен Ақтоты Махмутова жүлделі І орынды иеленсе, креативті жəне мотивациялық идеясымен Айсана Қуаталиева жəне өзгеше тактикасымен бейнелі сурет салған Қуандық Мағжан жүлделі ІІ орынды иеленді.

suretsalu6

suretsalu1

Ал,мəнді де мағыналы, өз ойын сурет арқылы шебер бейнелей білген Қимран Диана жүлделі ІІІ орынды иеленді. Ауылдың көрінісін дәл жеткізген Перизат Қалыбекова мен Нұрайым Қуанышова, ең кіші қатысушы Нұррахман Фархатұлы алғыс хатпен марапатталды.

Айкөркем Нұрғалиқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521