Жерлестеріміз «Екі жұлдыздың» жеңімпазы

Атырау қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» ән байқауында Исатай аудандық мәдениет және спорт бөлімінің бас маманы Саябек Шагиров пен «Новобогат» мәдениет үйінің әншісі Ақтолқын Нығметованың жұбы 1-орынды иеленді.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы ұйымдастырған байқауға спортшылар мен кітапханашылар, әдіскерлер мен әншілерден құралған өнерлі 8 жұп қатысып, бақтарын сынады.

f

Жерлестеріміз ән байқауында Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасын» жоғары деңгейде орындап, көптің көңілінен шықты.

Сондай-ақ, сыған киімдерін киіп, әуелете шырқалған әсем әнді әдемі билерімен әрлендірген «Новобогат» мәдениет үйінің қызметкері Нұрым Бауыржан мен Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектеп оқушылары Данагүл Қайырғалиева, Дильназ Қайырғали, Ақнәзік Сәндібектердің де еңбектерін айта кеткен жөн.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521