«Жұлдызайдан» жүлдемен оралды

Атырау қаласында облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызай» облыстық балалар шығармашылық фестивалі өтті.

Онда облыстық білім беру ұйымдарынан, Атырау қаласынан және барлық аудандардан 50 өнерлі үміткер бақ сынады. Олардың қатарында Исатай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 9-сынып оқушысы Аружан Жеделова және Ғибатола Мәсәлімов атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Серікжан Берікбай да бар. Байқау «Аспаптық орындау», «Вокал», «Хореграфия», «Ым-ишарамен ән орындау» номинациялары бойынша өткізілді. Әр номинация жас ерекшеліктерімен белгіленді (кіші топ 10-14 және ересек топ 15-18 жас аралығында).

Нәтижесінде, «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша өз өнерлерін ортаға салған Аружан Жеделова ІІ орынға ие болып, фестивальдің жүлдегері атанса, Серікжан Берікбай арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Өнерлі өрендердің өнерін шыңдауға атсалысып жүрген жетекшілер ауданымыздың тәжірибелі ұстаздары Айжамал Есенқызы және Гүлнұр Нұрбақытқызы екенін де айта кеткен жөн.

Бізде өз тарапымыздан қос өнерлі өренімізге болашақта өнер әлемінде алар асуларыңыз көп болсын демекпіз!

Әділбек СЫРЫМОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT