Томан елдімекенінде мерелік кеш өтті

Тұңғыш Президент күніне орай Томан елді мекенінде «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік кеш өтті.

Шарада алғашқы сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты Нұрым Мусин Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ еліне сіңірген еңбегі туралы әңгімелеп, елді мекен тұрғындарын маңызды мерекемен құттықтады.

7

Ұлық күнді ұрандатқан салтанатты кеште «Жалын» мәдениет үйі және Томан ауылдық клубының өнерпаздары, Томан бастауыш мектебінің оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, Елбасы туралы әндер шырқалды. Кеш соңында Томан елді мекені ардагерлер кеңесінің төрағасы Шәкір Қожақов мерекелік кешті ұйымдастырушыларға елді мекен тұрғындары атынан ризашылығын жеткізді.

4

- Осындай мәдени кешті өткізу көптен ойымызда жүрген еді. Соның сәті Тұңғыш Президент күніне келгеніне қуаныштымыз. Мерекелік кешті аудандық «Жалын» мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірлесе ұйымдастырдық. Тұрғындардың басым бөлігі кешті тамашалауға келді. Күмбірлеген күй мен әсем әндер шырқалды. Ең бастысы тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйладық. Бұндай кештер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - дейді Томан ауылдық клубының меңгерушісі Әлішер Мұсағалиев.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521