«Мектеп бітіру кешін қымбат мейрамханада тойламаймыз!» деген исатайлық түлектер елді сүйсінтті

Оқу жылының соңында ғана айтыла бастайтын һәм көтерілетін мәселе - түлектер тойы.

Қол жетпейтін мейрамханада, қымбат киімдер киіп мектеп бітіргені үшін дүркіретіп той жасау қазіргінің дерті десек, кейбіреудің шамына тиюіміз мүмкін. Бірақ, шындық сол.

Бары бар ғой, жағдайы төмендердің де ол тойдан қалғысы жоқ. Қарызданады, қауғаланады, әйтеуір, баласын қатарынан кем қылмайын деген ата-ана қиналса да қуанған болып, ұлан-асыр той ортасынан табылады. Біреудің қалтасындағы қаржысын санап не болмаса тұрмыстық жағдайын таразылау емес мақсатымыз. Әңгіме сана-сезімде болып отыр. «Осындай дүрілдеген тойдың кімге керегі бар? Мектепте шағындап өткізе салса болмай ма?» деген азғантай ғана топтың пікірі тасада қалып қойып жүр. «Түлектер не білсін, жас қой, оларға қызық керек» дейтін едік. Бақсақ, олай емес екен, саналы, салиқалы жастар бар екен.

Фейсбук желісінде Исатай орта мектебінің биылғы түлектерінің жариялаған үндеуі көпке ой салды. Онда жас түлектер: «Біз мектеп бітіру кешімізді қымбат мейрамханада, қымбат киімдермен тойлауға қарсымыз. Біз кешімізді өз мектебімізде тойлаймыз» дейді. Бұл эстафетаны ауданымыздың басқа мектептеріне жолдаған түлектер қатарластарының алдағы білім сынағынан сүрінбей өтулерін тілепті.

Әзірге бұл эстафетаны іліп алып, қолдап жатқан мектептерді көре алмадық. Дегенмен, бастаманың алдағы уақытта жалғасын табарына сенім ұялай бастады. Жастар жылында жастар көтеріп жатқан бұл мәселе үлкендерге де ой салса екен дейміз. Тойлау да керек шығар, не дегенмен артыңды ойлау да керек қой.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика