Президенттікке үміткердің сенімді өкілдері келді

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстан Президенттігіне үміткерлікке ұсынылған кандидат Төлеутай Рақымбековтің сенімді өкілдері аудан орталығында болып, жұртшылықпен кездесті.

Кездесуді «Ауыл» ХДПП Исатай ауданы бойынша филиалының төрағасы Б.Сисатов ашты.

Кандидаттың республикалық штабы өкілдерінің айтуынша, сайлауалды бағдарламасында ауылдың немесе аграрлық ғылымның дамуын қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімін дайындаудың, қайта өңдеу және сатудың инфрақұрылымын жетілдіру, ел халқын өзімізде өндірілген азық-түлікпен қамтамасыз ету, жастардың өсуіне жағдай жасау жайы айтылған. Отбасы мен ананың қоғамдық рөлін арттыру да қарастырылыпты.

Ару Қисимова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521