1 ақпаннан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

«Халықтан өтініш түскен соң, айырбастау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген» дейді Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Олар Ұлттық Банктің филиалдарында тек жеке тұлғаларға ғана айырбасталады.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі, 2 а мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау филиалы кассасынан айырбастауға болады. Кассаның жұмыс тәртібі: сағат 9:00 бастап 14:00-ге дейін, үзіліс: 12:00 ден 13:00-ге дейін.

2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Амин Арайлым Асылбекқызы,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика