banner_damu

1 қыркүйекте Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлімдеді.

- Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау. Белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды, - деді Ерлан Ермаханбетов.

Оның айтуынша, резервке алу үшін үміткерлер бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Оның қатарында ситуациялық мәселелерді шешу, сарапшылық комиссияда әңгімелесу сынды кезеңдер бар.

Құжаттарды қабылдау pkrezerv.gov.kz цифрлық платформада онлайн режимде жүргізіледі деп жоспарлануда.

whatsapp-image-2021-08-26-at-12_30_09

 

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика