100-ден астам этномәдени бірлестік өкілі Рухани келісім күні аясында бас қосты

 

18 қазан – Рухани келісім күніне орай Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында – дәстүр мен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестіктер мен конфессиялар форумы өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов пен Рухани келісім күнінің бастамашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов қатысты.

 ⁃ Рухани келісім күні 1992 жылдан бері тойланып келеді. Мақсаты — еліміздегі ұлтаралық қатынастарды бірлікте, татулықта ұстау және қоғамда бейбітшілік, өзара түсіністік пен құрметті нығайту. Облыста 70 бірлестік бар, олардың 56-сы мешіт болса, қалғандары — өзге дін өкілдерінің бірлестіктері, - деді облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаев. 

Форум барысында«Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстабаев пен «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев конфессияаралық келісімді нығайтуға арналған бірлескен жобалар туралы баяндама жасады.

Атаулы күн аясында ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты дамытуда белсенділік танытқан сала мамандарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының, Атырау облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары табыс етілді.

100-ден астам адам бас қосқан форумда қатысушылар үшін ұлттық нақыштағы арнайы көрме ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT