13 өңірде ХҚКО-ның жұмыс уақыты өзгереді

Қазақстанның 13 өңірінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарады.

"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бірқатар өңірде базарлар, жәрмеңкелер мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс уақыты өзгереді.

Бас санитар дәрігерлердің шешімімен 13 өңірде халыққа қызмет көрсету орталықтарының да жұмыс уақыты қысқартылды.

Өңірлердегі ХҚКО жаңа жұмыс кестесі

Ақмола облысы - 9:00 - 17:00,

Көкшетау - 10:00 - 16:00,

Атырау облысы - 10:00 - 17:00,

Алматы облысы - 10:00 - 16:00,

Қарағанды облысы - 10:00 - 17:00, сенбі - 10:00 - 14:00,

Қостанай облысы - 10:00 - 18:00,

Қызылорда облысы - 9:00 - 17:00,

Түркістан облысы - 10:00 - 17:00,

Батыс Қазақстан облысы - 10:00 - 18:00,

Жамбыл облысы - 10:00 - 16:00,

Алматы - 10:00 - 16:00,

Шымкент - 8:00 - 12:00,

Семей - 10:00 - 18:00.

Ақтөбе, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан мен Петропавлда орталықтар таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін істейді.

"Қазіргі уақытта "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда қызмет алушылар өзін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілері байқалса, ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз" деп жазады мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі.

Айта кетсек, төтенше жағдай режимі алынған соң Қазақстанда мамырда халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі қайта жанданған болатын. Пандемия кезінде азаматтарға арналған үкімет жұмыстың жаңа форматына көшуге мәжбүр болды. Орталықтарға egov.kz порталында немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботында кезекке бронь жасауға болады.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21