Қазақстан мен Ресей теміржол әкімшіліктері арасындағы екіжақты уағдаластық негізінде «Атырау-Астрахань» бағытында халықаралық жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚТЖ» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыз күнара жүреді: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.
«ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін еске салды. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы шарт. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін растайтын паспорт болса, анықтама қажет емес. Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді», деп ескертті ұлттық тасымалдаушы.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі арқылы және Bilet.railways.kz.сайтынан білуге болады.
egemen.kz