Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады.
Бұл ретте, Департаментпен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттiк органдардың
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақтауына талдау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, Департамент өз қызметінде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қарастырып, заңнама аясында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел іс-шаралар қабылдап келеді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген тексеру іс-шаралары мен Департамент бастамасымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде 199 тұлғаның құқықтары қалпына келтірілді.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға, еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажеттi еңбек жағдайларына құқығы бар екенін атап өткен жөн.
Мәселен, Департаментпен жүргізілген талдау жұмыстары негізінде, Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарының тарапынан мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығыстарын тиісті деңгейде төленбеу фактілері орын алғаны анықталып, Департаментпен мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынуларының нәтижесінде, 22 мемлекеттік қызметшіге 2 055 186 теңге көлемінде іссапар шығындары өтелді.
Сондай-ақ, талдау нәтижесінде, бірқатар мемлекеттік қызметшілерге уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы белгіленбей, сәйкесінше, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Заңының және Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 1127 қаулысымен бекітілген Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу шарттарының талаптары сақталмағаны анықталып, Департаментпен 2025 жылдың 1-жартыжылдығында 35 мемлекеттік қызметшіге уақытша болмаған қызметшінің міндеттерін қоса атқарғаны үшін 969 782 теңге көлемінде қосымша ақы төленді.
Бұдан бөлек, Департаментпен мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақталуы, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмыстарға тарту барысында заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде, 129 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.
Оның ішінде, 2 мемлекеттік қызметшіге 991 584 теңге көлемінде тиісті еңбек ақылары төленіп, 127 мемлекеттік қызметшіге артық жұмыс істегені үшін демалыс сағаттары берілді.
Өз кезегінде, аталған талдау және мониторинг жұмыстары мемлекеттік органдар тарапынан болатын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, сондай-ақ, бұзушылықтар қайталанып орын алған жағдайда тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралатынын атап өткен жөн.
Департаменттің баспасөз қызметі