2022 жылы әлеуметтік төлемдер қалай өзгереді?

Ашық үкімет порталында 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы жобасы жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің мөлшері және ең төменгі зейнетақының көлемі өзгереді.

жалақының ең төмен мөлшерi – 60 мың теңге (ескерту: жобада 42 500 теңге деп көрсетілген, алайда президент 1 қыркүйектегі жолдауында жалақының ең төмен мөлшерi артатынын мәлімдеді);

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 19 450 теңге;

зейнетақының ең төмен мөлшерi – 46 302 теңге;

жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге.

informburo.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT