Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялаған болатын.
Осы бастаманың аясында және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің 2025 жылдың 8 қаңтарында өткен Үкімет отырысынан кейін берген тапсырмаларын орындау мақсатында, 2025 жылдың 23 қаңтарында Сервис және жаңа технологиялар колледжінің базасында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының кеңесі өтті.
Отырысты облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы өз сөзімен ашып, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен оларды дамытуға бағытталған жоспарлар туралы айтып өтті. Кездесу барысында «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің құрылтайшысы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының вице-президенті, академик А.С. Әйтімов сөз сөйлеп, бұл бастамаға қатысты өз пікірін білдірді.
Отырысқа аймақтағы барлық колледж директорлары белсене қатысып, әрқайсысы өз оқу орындарының “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында іске асырылатын іс-шаралар жоспары мен жетістіктері туралы ақпараттармен бөлісті.
Жоғары аграрлық-техникалық колледж директоры Масалимов.А, Ақсай техникалық колледжінің директоры Дияров.М және Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің директоры Гумаров.Ж өз оқу орындары туралы баяндамалар жасап, презентацияларын ұсынды. Олар колледждердің жетістіктерін, оқу бағдарламаларын және жұмысшы мамандықтарын дамыту жолдарын жан-жақты таныстырды.
Бұл кездесу жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттырып, қоғам назарын техникалық және кәсіптік білім берудің маңызды рөліне аударуға бағытталған айрықша шара болды!