21 жасқа толмаған атыраулық азаматқа ішімдік сатқан дүкеннің лицензиясы тоқтатылды

20 ақпан күні сағат 22:30 шамасында полиция қызметкерлері Құлманов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкенінің сатушысы үш дана сыра өнімін 21 жасқа толмаған азаматқа сатқанын анықтады.

Заңнамаға сәйкес алкогольді ішімдіктерді жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға сатуға тыйым салынған.

Ал сатушы болса, сатып алушының жасы 21-ден асқан деп ойлап, құжатын сұрамағандығын айтып ақталған.

Аталған бұзушылық бойынша дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК-нің 200-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен дүкен иесіне 81 676 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза салынып, алкоголь өнімін сатуға лицензияның қолданылуы 1 (бір) ай мерзімге тоқтатылды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT