222 атыраулық​ бизнес бастау үшін несие мен гранттар алды

«Еңбек» бағдарламасы аясында берілген несие мен гранттардың жалпы сомасы 600 млн. теңгені құрап отыр. Бұл алты айдағы көрсеткіш» деп хабарлайды Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сілтеме жасап, облыстық коммуникациялар қызметі. ​

«368 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Қысқа мерзімді оқуға 677 адам жіберілді. 3 320 адам тұрақты жұмыс орындарына, 4 600 адам қоғамдық жұмыстарға, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды» деп атап өтті Махамбет Досмұхамбетов облыстық мәслихат сессиясында. ​

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521