№3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды

12 қыркүйек «Авангард» ықшамауданындағы №3 гимназия-мектебінде инклюзивті сынып ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

intern

Инклюзивті сыныптың ашылуына Атырау облысы білім басқармасының қызметкерлері, қалалық білім бөлімінің инклюзив бойынша жауапты маманы, Атырау облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мекемесінің басшысы, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты. Қазірдің өзінде сыныпта 5 бала білім алып жатыр.

intern2

Мұнда психологиялық денсаулығы тежелген аутизм белгілері бар балаларды АВА әдісі бойынша оқыту көзделген. Тьюторлардың сүйемелдеуімен оқушыларды қалыпты балалардың қатарына қосу орталық мамандарының мақсаты болып табылады. Сынып «Инклюзия болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, «СОС» компаниясының қолдауымен ашылды. Жиында білім басқармасы қызметкерлері инклюзивті сыныптар ашу жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіргені үшін Атырау облысының әкімі Н.Ноғаевқа алғыс білдірді.

intern3

Айта кетейік, бүгін, 13 қыркүйек күні қаладағы №24 орта мектепте де «инклюзивті сыныптың» ашылу рәсімі өтетін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика