3 күн ішінде 172 тұлға ішкі істер органдарының есебіне алынды

Атырау облысы аумағында 3 күн ішінде 172 тұлға ішкі істер органдарының есебіне алынды.

- 24-26 сәуір аралығында облыс көлемінде рецидивтік, алкогольдік, отбасы-тұрмыстық қылмыстың алдын алуға және жолын кесу мақсатында өткізілген «Есеп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде ІІО-ның профилактикалық және тізімдік есебіне барлығы 172 тұлға есепке алынды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Ауыр қылмыс жасап, жазасын түзеу мекемелерінде өтеп, мерзімінің аяқталуымен босап шыққан 2 тұлға әкімшілік қадағалауға алынды. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында 89 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы, 44 тұлғаға мінез құлқына сотпен ерекше талап орнатылған. Бұдан басқа 1 маскүнем, 6 жайсыз отбасы анықталып, 6 бала есепке қойылған.

Жалпы саны 821 тұлға, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық бағытта ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен-33 тұлға, 73-1,73-2 баптарымен -5 тұлға, 461 бабымен 2 тұлға, өзге баптармен 629 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Маскүнемдікке шалдыққан тұлғаларда еріксіз емдеу мекемелеріне орналастыруға сотқа -3 іс-құжат жинақталып, жолданды. Профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 2237 тұлғаға тексерулер ұйымдастырылды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521