36 мыңнан аса ипотекалық қарыздың қайта қаржыландырылуы мақұлданды

Қайта қаржыландыру бағдарламасы екі блоктан тұрады.

Бірінші блок 2004-2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Көрсетілген қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 33 500 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 170,2 млрд теңге сомаға 27 573 қарыз, қайта қаржыландырудың револьверлік тетігі ескеріле отырып, 155,5 млрд теңге сомаға 26 279 қарыз мақұлданды.

Бағдарламаның екінші блогы жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алған валюталық ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға банктерге 9 205 өтінім берілген, оның ішінде қайта қаржыландыруға 76,4 млрд теңге сомаға 8 641 қарыз мақұлданды, 62,5 млрд теңге сомаға 7 226 қарыз қайта қаржыландырылды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін айқындау үшін қарыз алушылар кредитор банкке өтініш жасауға тиіс.

Сұрақтар туындаған жағдайда қарыз алушылар Қазақстан Ұлттық Банкінің және банктердің филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне сәйкес өтініш жасауы қажет. Бағдарлама талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.

Махамбет МАДЕНОВ,

Ұлттық Банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің жетекші маман-экономисі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика