37 335 атыраулықтың қарызы кешірілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру жұмыстары Атырау облысында да қарқынды жүргізіліп жатыр.

Нақтырақ айтсақ, осы уақыт ішінде 37 335 атыраулықтың екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары бойынша өсімпұлдары мен айыппұлдары кешірілген, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұлттық Банктің Атырау облысы бойынша филиалының мәліметінше, кешірілген өсімпұлдар мен айыппұлдардың жалпы мөлшері 1 млрд. 429 млн теңгені құрады.

Еске сала кетейік, 26 маусымда Мемлекет басшысы кейбір қазақстандықтардың негізгі қарыздары немесе өсімпұлдары мен айыппұлдары бойынша қарызын кешіруге байланысты тапсырма берген еді. Кейін Үкімет Жарлықты жүзеге асыру механизмін ұсынды.

ӨКҚ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521