400 мыңнан аса атыраулық «шұғыл желіге» жүгінген

«Атырауда жыл басынан бері «109» бірыңғай байланыс орталығы қызметіне төрт жүз мыңнан аса тұрғын жүгінген.

Осылайша, Атырау облысы әкімдігі "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын коммуникацияның жаңа құралдарын қолдану арқылы белсенді түрде жүзеге асыруда» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Шұғыл желі» болып белгіленген байланыс орталығына бүгінге дейін 401 604 азамат хабарласып, әртүрлі мәселелер бойынша кеңес алған. Мұнда 16 оператор мен 8 диспетчер төрт ауысыммен тәулік бойы қызмет етеді.

Орталық мамандары тұрғындар өтінішін «109» қысқа нөмірі, WhatsApp чат бот, облыс әкімдігінің сайты (өтініштер қабылдау виджеті), Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.электронды поштасы және (atyrau109) Telegram чат бот , сондай-ақ байланыс орталығының арнайы мобильді қосымшасы арқылы қабылдап отыр.

Айта кету керек, облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жыл басынан бері 1479 азаматты жеке қабылдады. Аймақ басшысы тұрғындармен 10 мәрте кездесу өткізіп, 123 азаматты жеке қабылдады. Ал, облыс әкімдігінің қоғамдық қабылдау мәселесіне 1800-ден аса азамат жеке мәселелерімен хабарласып, кеңес алды.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521