42500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет пе?

Кірісінен айырылған азаматтарға шілде айына әлеуметтік жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді төлеу қажет емес.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өз-өзін жұмыспен қамтығандар өткен жолы 42500 теңгені алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төледі. Бұл жолы оны төлеудің қажеті жоқ, ондай талап қоймаймыз. Төтенше жағдай кезінде төледіңіздер, сол жеткілікті" деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Министр жеке кәсіпкерлерге қатысты өзгерістерге тоқталды.

"Жеке кәсіпкерлер өткендегідей өтініш береді. Олардан да біз міндетті зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік жарнаның төленгенін растауды талап етпейміз" деді ол.

Айтуынша, төтенше жағдай кезінде 40 мыңға жуық жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатпаса да, өтініш беріп, әлеуметтік жәрдемақы алған. Жеке кәсіпкерлердің қызметі тоқтап-тоқтамағаны ақпараттық жүйелер мен салық комитетіндегі деректер арқылы анықталады.

sputniknews.kz

Сурет: ашық дереккөзден 

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика