48 мектеп салынады: Атырау облысы үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін 2 жылда толықтай шешеді

«Аталған мектеп құрылыстары «Атырау облысының 2021-2025 жылға дейінгі кешенді даму бағдарламасы» аясында салынады» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Әлеуметтік салада үш ауысымдық мектептер мәселесін толығымен 2 жылда шешу жоспарда. Кешенді бағдарламаға 48 мектеп тұрғызу енгізіліп отыр. Мектептер құрылысы республикалық, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазірдің өзінде мемлекеттің жеке серіктестікпен ынтымақтастығы аясында, жеке инвестиция аясында 2 мектеп құрылысы басталып кетті. Осылайша, алдағы 2 жылда Атырау облысында үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесі толықтай шешіледі» деп атап өтті Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT